Site icon KAZAKBOL

Ташкент бас жоспар шешімінсіз жаңа құрылыс жүргізуге тыйым салады

Ташкентте бас жоспардың бекітуінсіз жаңа құрылыстар салуға тыйым салынады. Осылай деп Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев Ташкентте қоғамдық және ресми өкілдермен кездесу кезінде мәлімдеді.

Мирзияев Ташкентте салынып жатқан құрылыстарды сынап, жасыл аймақты ұйымдастыру жұмысы жүргізілмегінін айтқан.

Президент биыл астананы жасылдандыруды 28% жеткізуге тапсырма берген. Осы мақсатта 100 гектар жерге жаңа саябақ салынады. «Ташкент жасыл белдеу» жобасы құрылады. Бұл жоба аясында 525 мың түп тал егіліп, 20 миллион гүл отырғызылады.

Мирзияевтің құрылыс саласына айтылған сыны Түркиядағы жойқын жер сілкінісімен сәйкес келді. Онда 6500-ден астам ғимарат қирап, зардап шеккендер саны 11 мыңнан асты.

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған зардап шеккендер уақытша Анталия, Алания және Мерсинадағы қонақ үйлерге жайғастырылатынын хабарлаған.

Жергілікті басылымдардың жазуынша, зілзала болған Түркияның он аймағынан 13 миллион халық баспанадан зардап шеккен.

Источник

Exit mobile version