1 наурызда Ташкент қаласындағы «Жастар орталығы» ғимаратында имамдардың кездесуі өтті.
Ташкент әкімшілігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, форумда астанадағы мешіттердің жағдайы туралы сөз болды. Жергілікті билік имамдардан адасқан азаматтарды тура жолға салуға көмектесуін, мешітке түскен ақшаны дұрыс жұмсауын сұраған.
Бұған қоса кездесуде өзбек қоғамындағы көп әйел алушылық мәселесі де талқыланған. Ташкент басшылығы имамдарды бұған жол бермеуге шақырды.
Астана имамдарына АХАЖ-дан алынған куәліксіз неке қимау керекті айтылды.
Ресми мәлімет бойынша, қазір Ташкентте 119 мешіт жұмыс істеп тұр.