Site icon KAZAKBOL

Ташкент мектебінде оқушы мұғалімнің мұрнын сындырған

24 қазанда Ташкентте №160 мектепте физика сабағында 10-сынып оқушысы мұғалімнің мұрнын сындырған. Мектеп басшылығы болған оқиғаға оқушы тек қорғанған деп, мұғалімнің өзін айыптаған.

Куәгердің сөзінше, сабақ барысында физика пәнінің мұғалімі Денис Рундаев музыка тыңдап отырған оқушы қызға құлағындағы құлаққапты шешуін сұрап, ескерту жасаған. М.А. есімді оқушы сыныптасын қорғаймын деп, мұғалімді ұрып жіберген.

«Мұнан бөлек, оқушы мұғалімнің бетінен, ішінен ұрған. Мұрны сынған. Тиісті медициналық сараптама бар», — дейді Ташкент қалалық халықтық білім беру басқармасының өкілі.

№160 мектеп директорының көмекшісі Ирина Казакова мұғалім оқушының кешірімін қабыл алғанын айтады. «Осы оқиғадан кейін, біз ата-аналар жиналысын өткіздік. Оқушы мұғалімнен кешірім сұрады. Жанжал мұғалімнің кінәсынан болған. Ол бірінші болып оқушыға қол көтерген. Ал оқушы қорғанған», – дейді Ирина Казакова.

Бірақ аталған мектептің мұғалімінің бірі басшылық бұл оқиғаның таралып кетуінен қорқып, физика пәні мұғаліміне қысым жасап, жазған арызын қайтартып алғызды дейді. Оның сөзінше, мұғалімге қол көтерген оқушыны мектептен шығарған.

centralasian.org

Exit mobile version