Site icon KAZAKBOL

Ташкент метросында қызға қырындаған пранкерлер бес тәулікке қамалды

Өзбекстанда сот Ташкент метросындағы вагонда қызға қырындаған студентті, сонымен бірге оларды видеоға түсіріп, әлеуметтік желілерге жариялаған жігітті бес тәулікке қамады. Бұл туралы жергілікті басылымдар жазды.

Ташкенттің Чиланзар аудандық соты қызға қырындаған студентті бес тәулікке қамау жөнінде шешім шығарды деп хабарладыӨзбекстан Жоғарғы сотының баспасөз қызметі.

Зорлық-зомбылыққа қарсы Nemolchi.uz жобасы 30 мамырда әлеуметтік желілерден алынған видеопранк жариялады. Онда жас жігіт адам толы вагонда тұтқадан ұстап тұрған қыздың қолына қолын қойған. Қыз қолын тартып алып, тұтқаның басқа бір жерінен ұстаған. Содан кейін блогер тағы да қолын қоюға оқталып, видео түсіріп тұрған танысымен камераға күледі.

«Жобаға қырындаудың түр-түрін басынан өткерген қыздардың көптеген оқиғалары түсіп жатады. Үрейленген, ұялған қыздар көмек сұрай алмай, милиция шақырта алмай қалады. Ал мына тик-токерлер оған күліп тұр» деп жазды жоба өкілдері.

Студент әлеуметтік желі қолданушыларға роликті «көрермен жинау үшін жарияламадым» деп ақталғысы келген. Оның айтуынша, ролик «пранк», «әзіл» ретінде түсірілген. Студент бұның алдында «жақсы контент» жариялап келгенін, бірінші рет осындай жағдайға ұрынғанын айтқан, кешірім сұраған.

Сот 1 маусымда Т. Р. (2001 жылы туған) мен К. К. (2001 жылы туған) есімді студенттердің ісін қарады. Судья екеуіне де әкімшілік жаза белгілеп, бес тәулікке қамау жөнінде шешім шығарды.

Источник

Exit mobile version