Site icon KAZAKBOL

Ташкент түбіндегі махаллада газ жарылып, екі адам қаза тапты

Под Ташкентом в результате взрыва из-за утечки газа погибли два человека

Ташкент облысына қарасты Сурум махаласындағы жекеменшік үйде 11 қарашада газ жарылды. Екі адам қаза тауып, төрт адам ауруханаға түсті.

Оқиға орнында шұғыл тергеу тобы жұмыс істеп жатыр. Олар газдың не себепті жарылғанын анықтайды.

Өзбекстан төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметі бойынша, жарылыс лашық үйлердің бірінде болған.

Ауруханаға жеткізілген төрт адамның барлығының денесі күйіп қалған. Жарылыс болған үйде өрт сөндірушілер мен құтқарушылар жұмыс істеп жатыр.

centralasian.org

Exit mobile version