Site icon KAZAKBOL

Ташкент «Талибанмен» шекараны қорғау мәселесінде тығыз байланыста екенін мәлімдеді

Өзбекстан ішкі ауған күшінің инклюзивті үкімет құрамыз деген мәлімдемесін қолдайды. Осылай деп 17 тамызда Өзбекстанның сыртқы істер министрлігі хабарлады.

Сыртқы саясат мекемесі Өзбекстан үкіметі Ауғанстанда үкімет әскерінің транзиті бейбіт түрде, халықаралық құқықтарға сәйкес жүзеге асады деп үміттенеді деп атап өткен. Сонымен бірге бұл бағытта даму жалпыұлттық келісімге әкеледі әрі мемлекеттің қабілеттігін көрсетеді деген сенім білдірген.

Өзбекстан Ауғанстанның ішкі ісіне араласпай, дәстүрлі достық қарым-қатынасын сақтайды дей отырып, Кабулда және Мазари-Шарифте өзбек елшілігі әдеттегідей жұмысын жалғастырып жатқанын жеткізді.

Мәлімдемеде өзбек тарабы «Талибан» қозғалысының өкілдерімен шекара қауіпсіздігі мәселесінде тығыз қарым-қатынаста екені айтылған. Сонымен бірге шекараны бұзған жағдайда заңға сәйкес қатаң жазаланатыны да ескертілген.

Өзбекстан СІМ Ауғанстанның лауазымды тұлғаларының біразы өз елінде деген мәліметті теріске шығарды.

«БАҚ-та Ауғанстаннан қашқан лауазымды тұлғалардың біразы Өзбекстанды паналап отыр деген мәлімет шығып жатыр. Атап айтқанда, Ашраф Ғани, Абдул Рашид Дустум, Атто Мұхаммад Нұр және басқаларының есімдері аталып жатыр. Бірақ бұл ақпараттар шындыққа сәйкес келмейді», — делінген мәлімдемеде.

16 тамызда The New York Times басылымы Ашраф Ғани әйелімен және екі көмекшісімен бірге Өзбекстанға барды деп жазған.

Источник

Exit mobile version