Site icon KAZAKBOL

Ташкентте қаржы пирамидасын ұйымдастырған шетел азаматтары ұсталды

Өзбекстан астанасында қаржы пирамидасын ұйымдастырып, адамдарды 260 пайыздық табыс аласың деп алдаған шетел азаматтары ұсталды.

Өзбекстан ІІМ Тергеу департаментінің мәліметінше, 2020 жылғы 15 қаңтарда Украинаның 29 жастағы азаматы М.М. Ташкентте «Golden Cash store» шетел компаниясын құрып, компания мен Интернеттен алтын мен күміс заттар сатып алғандарға жылына 260 пайыздық табыс уәде еткен.

«Golden Cash store» клиенттері табыс табу үшін жаңа клиенттер тартуы тиіс болған.

Былтыр 17 қарашада Ташкент қалалық ішкі істер департаменті компания басшыларының үстінен «ақша мен мүлікке иелік ету үшін заңсыз әрекет жасау» қылмысы негізінде іс қозғады.

Тергеу барысында М.М., В.К., С.Т., А.С. және Х.С. есімді шетел азаматтарына айып тағылды. Олар қамауда отыр.

Тергеу департаментінің хабарлауынша, қаржы пирамидасын құрған күдіктілердің азаматтарға қанша шығын келтіргені есептеліп жатыр.

Источник

Exit mobile version