Site icon KAZAKBOL

Ташкентте бақшадағы балаларға ине тыққан тәрбиешіге айыппұл салынды

Иллюстративное фото

Ташкенттің Янгихаёт ауданында балаларға ине тыққаны үшін балабақша тәрбиешісі мен тәжірибеден өтіп жүрген педколледж студентіне 1,3 млн сум көлемінде айыппұл салынды. Бұл туралы «Газета.уз» басылымы хабарлады.

Ақпаратқа қарағанда, тәрбиеші мен практикант қыз Әкімшілік кодекстің «Әдейілеп денеге жеңіл жарақат салу» бабы бойынша кінәлі деп танылды.

Мамыр айының аяғында әлеуметтік желілерде тұрғындардың бірі балабақшада ұлына ине тығып жатқаны көрсетілген видеоны таратқан. Онда бақшада ұйықтағысы келмей жатқан балаларға ине салғаны айтылған.

Источник

Exit mobile version