Site icon KAZAKBOL

Ташкентте Путинді сынаған комик Поперечныйдың микрофонын өшіріп тастады

Ресейлік стендап-комик Данил Поперечный Ташкенттегі концертте «өзекті мәселелерді юмор арқылы жеткізбек болғанда, микрофон өшіп қала бергенін» айтты.

Поперечныйдың сөзінше, концерттен тіптен «Ресей» деген сөзді алып тастаған. Куәгерлердің сөзінше, сахнада Путинді және оның саясатын сынаған сөз айтқанда оның микрофоны сөніп қала берген.

Ол халықтан кешірім сұрап, билеттерін қайтарып беруге дайын екенін жеткізген.

Ресей Украинаға қарсы шабуыл бастағаннан кейін Данил Поперечный елінен кеткен. Қазір ол жаңа бағдарламсымен әлемді аралап жүр. Ташкенттегі концертінен кейін ол Түркияда екі концерт бермек.

Ол Путинді және ресейлік шенеуніктерді ашық сынап келеді және оппозициялық митингтерге бірнеше рет қатысқан.

Источник

Exit mobile version