Өзбекстан астанасында күн жылынып, газ бен электр қуаты тапшылығына қатысты жағдай жақсаруына байланысты сауда және ойын-сауық орталықтары мен саябақтар жұмысына қойылған шектеу алынды. Бұның алдында олардың жұмыс уақыты электр қуатын үнемдеу мақсатында қысқарған.
15 қаңтарда астанада сауда және қызмет көрсету нысандары, ойын-сауық кешендері мен саябақтардағы аттракциондардың жұмыс уақыты қысқарған. 26 қаңтарда Ташкент әкімшілігі мұндай шектеу жойылғанын хабарлады.
«Ауа температурасы көтеріліп, жағдай жақсара бастады, сол себепті аталған кәсіпорындар қалыпты жұмыс тәртібіне қайта көше алады», — деп хабарлады астана әкімшілігі.
Ташкенттегі сауда және қызмет көрсету орталықтары, ойын-сауық кешендері мен саябақтар он күнге жуық сағат 10:00-ден 17:00-ге дейін ғана жұмыс істеген. Ал азық-түлік дүкендері, кафелер мен мейрамханаларға шектеу енгізілмеген.
Бұған қоса, қала әкімшілігі электр желілеріндегі түсетін салмақты азайту мақсатында көп қабатты үйлерге берілетін ыстық су температурасы төмендейтінін ескерткен.