Site icon KAZAKBOL

Ташкентте тұрғындарға қоқан-лоқы көрсеткен құрылыс компания өкілі жазаға тартылды

Ташкентте наразылық білдірген тұрғындарға қоқан лоқы көрсеткен құрылыс компанияның өкілі 10 тәулікке қамалды. Бұл жөнінде Ташкенттің ішкі істер басқармасы хабарлады.

Ол сот шешімімен «ұсақ бұзақылық» бабы бойынша әкімшілік жазаға тартылды.

17 мамырда Ташкенттегі Юнусабад ауданы тұрғындары кезекті құрылысқа қарсы шығып, наразылық білдіріп жатқан видео тараған. Бірақ оларға құрылысты бастап жатқан «Franchising invest» компаниясының қызметкерлері қоқан-лоқы көрсеткен.

Наразылық білдірген тұрғындарға қарсы жүк көлігін бағыттаған.

Бұл оқиғаға байланысты Ташкент әкімшілігі үн қатты. 2018 жылы Ташкент әкімінің шешімімен 1,23 гектар көлік бекеті «Franchising invest» құрылыс компаниясына тұрғын үй салу үшін берілген. Билік шешімде, тұрғындар қарсы болмаса ғана, құрылыс жүргізуге рұқсат беріледі деген.

«19 мамырда құрылыс компаниясына тұрғындардың рұқсатсынсыз құрылысты бастауға болмайды, кері жағдайда құжаттардың күші жойылады деген ескерту жіберілді», — деп хабарлайды Ташкент қалалық әкімдігі.

Источник

Exit mobile version