Ташкент қаласында милиция қызметкері Диер Болтаев кәмелет жасқа толмаған баланы ұрып, автокөлікке қамап қойған. 22 қыркүйекте ішкі істер басқармасы милиция әрекетін тексере бастады.
Өзбекстанның балалар омбудсмені Әлия Юнусова бұл іс «ерекше бақылауда болатынын» айтты.
19 қыркүйекте кешке Чиланзар ауданының тұрғындары баланың қатты жылаған даусын естіген. Екі блогер милицияға хабарласып, болған оқиғаны видеоға түсірген. Олар милиция қызметкерінің баланы автокөлікке күшпен отырғызғанын көрген.
Милиция қызметкері блогерге қызмет куәлігін көрсетіп, инспектор екенін айтқан. Құжатта инспектордың аты-жөні Диер Болтаев екені жазылған.
Әлеуметтік желіде жарияланған видео бірден көпшіліктің назарына ілікті. 13 жастағы Владислав Автономов қоқыс төгуге шыққан уақытта инспекторға ұсталып қалғанын айтқан.