Site icon KAZAKBOL

Ташкенттегі үйлердің бірінде лифт құлап, 11 адам зардап шекті

Өзбекстан астанасындағы көп қабатты үйлердің бірінде лифт құлап, соның ішінде болған 11 адам зардап шекті. Бұл туралы 19 маусымда төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Оқиға 18 маусымда сағат 16:15-те астананың Наурыз көшесі бойындағы үйлердің бірінде болған.

Алдын ала мәліметке қарағанда, адамға толы лифт техникалық ақаудан қатты жылдамдықпен төмен сырғып, бірінші қабатқа жақындаған уақытта тежегіш жүйесінің әсерінен кілт тоқтаған.

Зардап шеккен 11 адам ауруханаға түсті. Алғашқы медициналық көмек алған сегіз адам үйге қайтса, қалған үшеуі дәрігерлер бақылауында қалды.

Ақау себептері тексеріліп жатыр. Оқиға орнында құқық қорғау органдары мен прокуратура қызметкерлері жүр.

Источник

Exit mobile version