Site icon KAZAKBOL

ТАСС: Петербург әуежайында такси жүргізген тәжік азаматын бауыздап кетті

Санкт-Петербургтегі Пулково әуежайында жексенбінің кешінде аяусыз өлтірілген такси жүргізушінің денесі табылды.

ТАСС агенттігінің құқық қорғау органдарындағы дереккөзіне сілтеме жасап хабарлауынша, 25 жастағы жігітті пышақтап кеткен.

«Мәйіт Пулково әуежайында Volkswagen Polo автокөлігінен табылды. 25 жастағы тәжік азаматы Ресейде патентпен жұмыс істеген», — деп хабарлады агенттік дереккөзі.

Мәліметтерге қарағанда, полиция бейнебақылау камераларын қарап шыққан. Қылмыстық іс қозғалған. Полиция қылмыскерлерді іздестіріп жатыр.

Бір миллионға жуық тәжік мигранты Ресейде жұмыс істейді. Былтыр Ресейден Тәжікстанға шамамен 300 мәйіт жеткізілді.

Источник

Exit mobile version