Site icon KAZAKBOL

Таулы Бадахшанда өлтірілген жігіттің анасы тәжік президентімен кездескісі келеді

Таулы Бадахшан автономды облысындағы Рошткалин ауданында күш қызметкерлерінің арнайы операциясы кезінде қаза тапқан Гүлбиддин Зиёбековтің анасы Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонмен кездесуге әрекет жасап жатыр.

29 жастағы Зиёбековтің өлімі халық наразылығын көтеріп, Хорогта мыңдаған адам оны өлтіргендерді жазалауды талап еткен.

Гүлбиддиннің анасы Певистамо Абдулмуминова 1 желтоқсанда Озоди радиосына сұқбат беріп, Таулы Бадахшан облысының басшылары оның өтініш қабылдамай жатқанын, сол себептен тәжік президентімен кездескісі келетінін айтты. Ол ұлым ешқашан қолына қару ұстаған адам емес дейді.

Құқық қорғау органдары болса, оны ұстау кезінде күш құрылымдарына қарсы оқ атты, жауап ретінде олар да оқ атқан деп мәлімдеген.

28 қарашада Тәжікстанның Хорог қаласында төрт күннен бері жалғасқан наразылық акциясы тоқтап, халық тараған.

Источник

Exit mobile version