Site icon KAZAKBOL

Таулы Бадахшанның Рушан ауданындағы қақтығыста 114 адам ұсталды

Тәжікстанның Таулы Бадахшан автономиялы облысының Рушан ауданындағы «терроризммен күрес операциясы» барысында 114 адам ұсталды, деп хабарлады республиканың ішкі істер министрлігі. Бұның алдында 70 адамның қамауға түскені хабарланған.

Таулы Бадахшан тұрғындарының мәлімдеуінше, тәжік күштерінің операциясы Рушандағы наразылық акциясын күшпен басу болған. Жергілікті тұрғындар Тәжікстаннан Қытайға баратын Душанбе- Кульма автожолын жапқан еді.

Тәжікстан ішкі істер министрлігі «операция барысында терррористік топ мүшелерінен 24 Калашников автоматы, бес пулемет, түрлі маркадағы 18 тапанша, төрт винтовка, 11 қолдан жасалған граната, 86 «Молотов коктейльі», 3 кг тротил, 15 рация және 53 телефон тәркіленгенін» хабарлады.

Сонымен бірге, министрлік аймақтағы «террористік топтарды» іздеудегі Әлім Шерзамонов және оның сыбайластары Холбаш Холбашев пен Ульфатхоним Мамадшоева «қаржыландырған» дегене мәлімет таратты. Ульфатхоним Мамадшоева 18 мамырда Душанбедегі үйінде ұсталды. Оған «билікті күшпен құлатуға үндеді» деген айып тағылғаны мәлім болды. Ульфатхонимнің бұрынғы күйеуі Холбаш Холбашовтың қайда екені әзірге белгісіз. Ол Соғды облысында ұсталды деген мәлімет тарады.

Бұның алдында Әлім Шерзамонов пен Ульфатхоним Мамадшоева Таулы Бадахшандағы көтеріліске қаржыландырды деген айыпты жоққа шығарған.

18 мамырда Тәжікстан ішкі істер министрлігі Рушан ауданындағы «терроризммен күрес операциясы» барысында 8 адам адам қаза болып, 11 адам жараланғанын хабарлаған. Жергілікті тұрғындар билік күштері мен аудан жастары қақтығысында 21 адам қаза тапқанын мәлімдеді.

Источник

Exit mobile version