Site icon KAZAKBOL

Тегеран Тәжікстан елшілігіне наразылық нотасын жолдады

Ирандағы Тәжікстан елшісі Неъматулло Эмомзода осы елдің сыртқы істер министрлігіне шақырылып, қолына наразылық нотасын ұстатқан.

Иранның сыртқы істер министрінің баспасөз хатшысы Бахром Косими Тәжікстан билігінің Данғарадағы шетелдік туристерге жасалған шабуылда «Иранның ізі жатыр» деген мәлімдемесіне қатысты наразылық нотасы жолданды деп мәлімдеді. Иран тәжік билігінің мәлімдемесін негізсіз деп атады.

«Тегеран Тәжікстанда кінәсіз шетелдік туристерге жасалған шабуыл адам төзгізсіз акт деп есептейді әрі аймақта бейбітшілікті сақтау мақсатында терроризммен күрестегі тәжірибемізбен бөлісуге дайынбыз» делінген Иран СІМ мәлімдемесінде.

Шілденің 29-ы күні Тәжікстанның Хатлон облысы Даңғара ауданында велосипедпен саяхаттап жүрген шетелдік туристерді белгісіз біреулер көлікпен қағып, оқиға орнынан қашып кеткен. Оқиға салдарынан АҚШ-тың екі азаматы, голландиялық және Швейцарияның бір азаматы қаза тапты. Тағы бірнеше шетелдік жараланып, ауруханаға жеткізілді.

31 шілдеде Тәжікстанның ішкі істер министрлігі аяусыз актінің артында Исламның жаңғыруы партиясы мен Иран тұр деп мәлімдеген. ІІМ аталған партияның лидері Хусейн Абдусамадов 2014-2015 жылдары Иранда арнайы әскери-идеологиялық жаттығудан өткенін айтқан.

ІІМ-нің аталған мәлімдемесін Исламның жаңғыруы партиясы да негізсіз деп атаған.

centralasian.org

Exit mobile version