Site icon KAZAKBOL

Тегін өзгертпек болған келіншектің көлігін күйеуі бетонға толтырып тастады (видео)

Бетон құйылған көлік. Фото: segodnya.ua

Әйеліне ашуланған ресейлік азамат өзі сыйға тартқан көліктің ішіне бетон құйдырып тастаған деп хабарлайды segodnya.ua сайтына сілтеме жасап NUR.KZ.

Жігіттің жары Санкт-Петербургтегі универмагтардың бірі ұйымдастырған акцияға қатысып, ақша ұтып алу үшін тегін ауыстырмақ болған.

«Тегіңді Адал (Верный/Верная) деп ауыстырып, 50000 рубль ал»,- делінген жарнамада.

«Көлікті универмагтың алдына әкеліп, бетонмен құйып тастадым. Оны өзім сыйға тартқан болатынмын, енді ол да жоқ дейді. Бетонға толы көлік Культура даңғылында әлі тұр», – деп жазған куәгерлердің бірі желідегі парақшасына.

Exit mobile version