Site icon KAZAKBOL

Темекіні бұрқыратып отырған екі жасар қыздың видеосы жұрттың ашуын келтірді

Әлеуметтік желіде темекіні бұрқыратып отырған екі жасар қыздың видеосы тарады деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

Видеоның Владикавказда түсірілгені сөз етілген. Онда кішкентай қыздың темекі шегіп отырғаны, ал ересектер оның бұл әрекетін қолпаштап жатқаны байқалады.

Үлкендер балақайдың темекі шеккенен бөлек, балағат сөздер айтып жатқанына мәз-мейрам.

Видеоны көрген желі қолданушылары баланы жаман әдеттерге баулып отырған ата-анасына сын-пікірлер жаудырды.

Ескерту: Видеода бейәдеп сөздер кездеседі!

Exit mobile version