Site icon KAZAKBOL

Теміртаудағы тәуелсіз зерттеу: бір адамға шаққанда 4 келі улы заттар тарайды

Қазақстан экологтары Теміртау қаласындағы ауаның сапасын зерттеу қорытындысын жариялады. Зерттеуді бірнеше жылдан бері «қара» қар жауып, буланған ауада жағымсыз иіс шығады деп шағымданған соң жүргізілген.

АҚШ-тың гранттар бағдарламасының қолдауы негізінде жүзеге асқан зерттеу 2021 жылды толық қамтыды.

Зерттеу авторлары «Казгидрометтің» мәліметтерін есепке алып, 2021 жылы Қазақстан бойынша Теміртау қаласы ауаның ластануы бойынша бірінші орынға шыққанын жазды.

Қала тұрғындарының басым бөлігі улы заттар қалыптан жоғары тараған аудандарда тұрады. Жылына 255 мың тонна зиянды иіс бөлініп шығады. Бұл бір тәулікте Теміртау қаласының әрбір тұрғынына 3, 74 келі улы заттан тура келеді дегенді білдіреді.

Экологтар ауада ауыр, улы металлдар, ыс, шаң, темірдің аэрозолы, көміртектің оксиді, азоттың және күкірттің диоксиді, фенол мен аммиак, күкірт сутегі және органикалық улы заттар бар екенін анықтаған.

«Біз Теміртау қаласында тозаңның 80 пайызы темірден тұратынын анықтадық. Бұдан бөлек Теміртау және басқа региондарда халық арасындағы аурулардың 16 жылдағы көрсеткішін салыстырдық: жүрек-қан тамыр аурулары бойынша Теміртау бірінші орында тұр. Ісік аурулары бойынша Қарағандымен бір деңгейде тұр. Егер қалада тозаңның концентрациясын кем дегенде 10 пайызға азайтсақ, қала тұрғындарының өмірі 4-5 жылға ұзарады», — деді тәуелсіз сарапшы Айгүл Маликова.

Ауаға зиянды қалдық шығару бойынша «Арселор Миттал Теміртау» металлургиялық комбинаты алдыда тұрады. Бұдан бөлек тағы 22 компания бар.

Источник

Exit mobile version