Site icon KAZAKBOL

The Diplomat: Сотталған екі блогердің ісі Өзбекстанда сөз еркіндігі шектелгенін дәлелдейді

Миразиз Базаров и Фозилходжа Орифходжаев

Өткен аптада Өзбекстанда екі блогер – Фозилходжа Орифхожаев пен Миразиз Базаров түрме жазасына кесілді.

41 жастағы Орифхожаев 26 қаңтарда «Қоғамдық қауіпсіздікке үрей туғызатын материалдарды дайындау, сақтау және тарату» бабы бойынша кінәлі деп танылып, 7 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды.

Оған Орифхожаевтың 2021 жылдың 6 наурызында “Фейсбук” парақшасына басқа дін өкілдерін діни мейрамымен құттықтау қаншалықты дұрыс деген мағынада жазған пікірі себеп болған.

Атап айтқанда, Орифхожаев былтыр маусым айында блогер Аброр Абдуазимовпен болған жанжалдан кейін қамауға алынған. 26 маусымда Ташкенттегі «Тухтабой» мешітіне барған Арифхожаевсол жерде намаз оқып жатқан Абдуазимовты «екіжүзді» деп атаған. 28 маусымда ол құқық қорғау органдарына шақырылып, мамыр айында қамауға алынған.

21 қаңтарда Мирабад аудандық соты ташкенттік тағы бір блогер Миразиз Базаров үш жылға сотталды. Ресми мәліметке сәйкес, оған қарсы арыз жазған төрт адамның арасында жоғарыда аты алаған Аброр Абдуазимов та болған.

Былтыр сәуірде Ташкент қалалық ішкі істер басқармасы Миразиз Базаровқа заң аясында шара қолдану жөнінде арыз түскенін мәлімдеген.

Онда мұғалімдер Базаровтың 2020 жылдың қазан айында «Тик-Токта» жариялаған видеолардың бірі олардың ашуын туғызғанын айтқан. Видеода блогер «Мектеп – бұл балаларды кұл және мейірімсіз болуға үйрететін жер» деп атаған.

21 қаңтарда Ташкенттің Мирабад аудандық соты «жала жабуға» айыпталған блогер Миразиз Базаровтың бас бостандығын үш жылға шектеген.

The Diplomat басылымы бұл блогерлердің ісі Өзбекстанда сөз еркіндігі шектелгеннен хабар беріп, сөз еркіндігі мен пікір білдіруде мемлекеттің бақылауы сақталып қалғанын жазды.

Источник

Exit mobile version