Site icon KAZAKBOL

Тоқаев кәдеге жарату төлемін жоюды тапсырды

Фото: AmasterCar.ru

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметке кәдеге жарату төлемін алып тастау бойынша тапсырма берді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Кәсіпкерлердің «ӨКМ Операторы» дейтін компанияның қызметіне қатысты сұрағы көп. Бұл жеке компанияға қарсы белгілі бір қоғамдық қозғалыс ұйымдастырылуына дейін жетті. Үкіметке кәдеге жарату алымын тоқтатуды және оны «ӨКМ Операторы» жүзеге асыруын тоқтату бойынша шаралар қабылдауды тапсырамын. Мұны мемлекеттік ұйым жасауы керек», — деді Тоқаев Мәжіліс отырысында.

Алымдардың өзіне келер болсақ, олардың мөлшерлемелерін қайта қарау керек, деді Мемлекет басшысы.

Exit mobile version