Site icon KAZAKBOL

Тоқал алуды қолдайтын танымал әнші депутат болып сайланды

Саят Медеуов. Фото: qamshy.kz

Жұртшылыққа танымал әнші Саят Медеуов Алматы облысы, Қарасай ауданының №14 округіне мәслихат депутаты болып сайланды деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі.

Елімізде соңғы жылдары елеулі өзгерістер орын алуда. Спорт пен өнер саласында жүрген біршама азаматтар сайлауға түсіп, депутаттық мандатқа сайланып жатыр.

Өз кезегінде Алматы облысы Қарасай ауданы әкімдігі Саят Медеуовтің депутат болғанын растады. Белгілі болғандай, елімізге танымал әнші Саят Медеуов Алматы облысы, Қарасай ауданының №14 округіне мәслихат депутаты болып тағайындалған.

«Сайлау, негізінен, 26 наурыз күні өтті. Сол кезде Саят Медеуов жаңа қызметке тағайындалып, осы уақытқа дейін ауданымызда болған түрлі ресми іс-шараларға қатысып жүр«, — деп мәлімдеді Алматы облысы, Қарасай ауданы мәслихат аппаратының басшысы Қордай Орынбайұлы.

Exit mobile version