Фото: qazaqtimes.kz
Жапонияның көптеген қалаларында ескі гаджеттерді өткізетін арнайы жәшіктер қойылған. Кез-келген тұрғын өзіне қажет емес телефондарын өткізіп, Олимпиада медальдарының жасалуына өзінің кішкене үлесін қоса алады.
Жиналған гаджеттер қайта өңдеуден өткізіліп, қажетті металл жабындары бөлініп алынатын болады. Акцияның алғашқы күнінде-ақ жүзден аса адам өздеріне қажет емес телефондарды өткізіп үлгерген.
Бұл жобаның басты мақсаты — 2020 жылғы Олимпиада ойындарын өткізуге жұмсалатын қаржыны барынша үнемдеу болып отыр. Қазірдің өзінде әлемнің байрақты бәсекесіне дайындыққа 25 миллиард доллар жұмсалған екен.
Жапон билігі барлық медальдардың комплектісін жасау үшін 8 тонна металл жинау қажет екендігін айтып отыр.