Осы жылы мерейтолы «Tour of World Class Almaty 2018» Веложарысқа шамамен 1000 қатысушы тіркелді. Сөре алаңына 3 қашықтық бойынша: 14 км (12-17 жас аралығындағы жасөспірімдерге) және негізгі 34, 57 км қашықтық аралығындағы қатысушылар шығады. Көптен күткен шара таңғы сағат 8-де Розыбакиев көшесінде орналасқан «Mega Alma-Ata» сауда орталығында басталады.
Соған орай, таңғы сағат 5.30 түскі 13.00 дейін Веложарыс өтетін көшелер жабылып, көлік қозғалысы тоқтатылады.
Төменде көрсетілген көшелер жабылады:
Розыбакиев көшесі – Левитан көшесінен Әл-Фараби даңғылына дейін 5.30-дан мерекелік шараның соңына дейін (13.00) жабылады.
Әл-Фараби көшесі – Розыбакиев көшесінен Назарбаев даңғылына дейін 06:00-дан 10:30-ге дейін жабылады.
Сайын көшесі – Розыбакиев көшесінен Рысқұлов даңғылына дейін (Жандосов, Шаляпин, Абай, Төле би, Райымбек батыр көшелері) 06:00-дан 11:30-ге дейін жабылады.
Рысқұлов көшесі – Сайын көшесінен Бауыржан Момышұлы көшелері арасы 08:30-дан 12:00-ге дейін жабылады.
Ақын Сара және Ақ Қайнар көшелерінің арасы 08:30-дан 12:00-ге дейін жабылады.
Ақ Қайнар көшесі – автоцонға дейін және Бұрындай полиция полкына дейін 08:30-дан 12:00-ге дейін жабылады.
«Tour of World Class Almaty 2018» Веложарысына байланысты қала жолдарының жабылу кестесі
5.30-13.00 | Розыбакиев көшесі (Левитаннан Әл-Фарабиге дейін) |
06:00-10:30 | Әл-Фараби даңғылы (Розыбакиевтен Назарбаевқа дейін) |
06:00-11.30 | Сайын көшесі (Розыбакиевтен Рыскуловқа дейін) |
08:30-12:00 | Рыскулов даңғылы (Сайыннан Момышулы көшесінің бұрылысына дейін) |
08:30-12:00 | Ақын Сара көшесінен Ақ Қайнар көшесіне дейін |
08:30-12:00 | Ақ Қайнар көшесінен автоцонға дейін және Бұрындай полиция полкына дейін |
Қала тұрғындары мен қонақтарын алдын-ала Веложарыс өтетін күнді жоспарлауды сұраймыз.