Али Окапов. фото: Фото: Kazpravda.kz (Марат Кураков)
Той суреттерімен елді шулатқан Әли Оқапов пен Ақерке Бүркітбай туралы шындық белгілі болды. Елдің қызу талқысына түскен суреттер туралы Әлидің өзі айтып берді деп хабарлайды НТК арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.
«Кейіпкерлер ретінде бізді таңдады. Біз өзімізде білген жоқпыз не үшін бізді таңдағанын. Ең біріншіден екеуімзде бойдақ болғанымыз үшін шығар. Екіншіден мүмкін қызық болған шығармыз. Өйткені, қай жерде жүрмесем де той қашан, той қашан деп менің мазамды алып қоймайды да… Жасың 26-ға келіп қалды, болды, жететін шығар дегендей. Барлығы да мені үйлендіргісі келеді», — дейді Әли Оқаповтың өзі.
Әлидің көпшілік тілегін орындағысы келеді-ақ. Бірақ, жүрегі қалаған жанды әлі жолықтырып үлгермеген сері, биыл Оқаповтар әулетіне келін түспейтінін кесіп айтты.
«Өзім де қарсы емеспін негізі. Дайын емеспін немесе әлі жастаумын деп санамаймын. Бірақ, биыл той жоспарланған жоқ», — дейді ол.