Site icon KAZAKBOL

Тойдың қақ ортасында роботқа айналған келін жұрттың ашуына тиді (видео)

кадры из видео

Тойдың қақ ортасында өнер көрсетіп, роботқа айналған орамалды келіншек желі қолданушыларының сынына ұшырады деп жазады NUR.KZ.

Ақ орамал тағып, көйлек киген келіншектің биін оқырмандар қызу талқыға салған.

«Қанша адамның көзінше не істеп тұр?», «Ұятын-ай. Шалбар кисе бір жөн», «Арғы жақта қариялар отыр», «Ешкімнен ұялмағаны ғой», «Әйелдерге не болып барады?», «Той десе, би десе ұятты жинап қоятын болды ғой бұлар», «Жас келіннің сиқы осы болса», «Басыңдағы орамалыңды сыйласаңшы, ең болмаса» деп жарыса жазды.

Айта кетейік, бұл видеоның қай өңірдегі тойда түсірілгені белгісіз.

Естеріңізге сала кетейік, күні кеше әлеуметтік желіде тойда болған жаппай төбелестің видоесы тарады.

Exit mobile version