Site icon KAZAKBOL

УЕФА президенті Назарбаевтың құдасына лауазымды қызмет ұсынды

Қайрат Боранбаев. Фото: prosportkz.kz

«Қайрат» клубы бақылау комитетінің басшысы Қайрат Боранбаев Prosports.kz тілішісіне сұхбат беріп, УЕФА комитеттерінің бірінде жұмыс істеуі мүмкін екенін айтты.

«УЕФА президенті мені комитеттердің біріне шақырды. Жақын арада ол тағайындаулар жайлы ақпараттар шығады. УЕФА-ның 19 комитетінің бірінде жұмыс атқару ұйыммен жақын қарым-қатынас орнатуға өз септігін тигізеді. Дәл айта алмаймын, бірақ болжам бойынша екі жылдан кейін атқарушы комитетінің жаңа сегіз адамын сайлайды. Егер мен дайын болсам, УЕФА-ның сол лауазымды орнына таласамын», — деді Боранбаев.

Еске сала кетейік, Қайрат Боранбаев алматылық «Қайрат» клубының қожайыны. Оның күйеу баласы Айсұлтан Назарбаев та футболға деген үлкен қызығушылығымен танымал. 

Қайрат Боранбаевтың қызы Әлима президенттің немересі Айсұлтанға тұрмысқа шыққан болатын.

Exit mobile version