Site icon KAZAKBOL

Әуежайда қамауға алынған азамат: «Орысша сөйлеген борт серік күллі қазақ жұртынан кешірім сұрасын» (ВИДЕО)

Борт серіктен қазақ тілінде сөйлеуін талап етемін деп жазаға тартылған түрік азаматының өкпесі қара қазандай. Енді ол орыс тілінде қызмет көрсеткен борт серік қазақ халқынан кешірім сұрасын деп бекініп отыр, деп хабарлайды «NewTimes.kz»ақпараттық агенттігі.

Күн кеше «Air Astana» әуе компаниясының Астана-Алматы бағытының рейсі кезінде экипаж ішінде ережені бұзды деген себеппен жолаушы азамат Огуз Доган қамауға алынған болатын. Бұл туралы жолаушының өзі желідегі парақшасында жария етті.

«Дәл қазір Алматы әуежайының полиция бөлімінде ұсталып отырмын. Қазақ тілінде қызмет алғым келгені үшін» делінген жазбада. Тіпті желіде борт серіктің орыс тілінде жолаушыға ережені бұзғаны туралы ескерту жасап жатқан сәтінің видеосы тарады. Ал жолаушы Қазақстанда қазақ тілінде қызмет алғысы келетінін алға тартқан. Ұшақ жерге қона салысымен жолаушыны полицейлер ұстап әкетіп, қамауға алған. Компания қызметкерлері оған ұшақ ішінде өзгелердің өміріне қауіп төндірді деп шағым түсіріпті. Азамат Огуз Доганның әуе компаниясына деген нарызылығы туралы тағы бір видео желіде тарады. Онда жолаушы борт серіктен мемлекеттік тілде сөйлеуін талап еткені үшін 6800 теңге көлемінде айппұл төлегенін айтқан. Өз сөзінде Доган мырза тұтастай бір елдің мемлекеттік тілінде түсіндіруін талап еткені үшін айппұл салу дегенді ұятқа балап отыр.

«Маған 6800 теңге айыппұл салды. Ол ешнәрсе емес, негізі бұл мәселе бойынша бір тиын да айыппұл салу ұят. Егер бұл ұлттық әуе компаниясы болса, Қазақстан азаматы орыс па, қазақ па маған бәрібір, мемлекеттік тілді қорлағаны үшін компания орыс қызын (автор: орыс тілінде ескерту жасаған борт серік) жауапқа тартып, шара қолдану керек. Сосын орыс қызы менен емес, қазақ халқынан кешірім сұрауы керек. Мен соны талап етіп отырмын, маған ешнәрсе керек емес. Бұл менің ғана емес, қазақ ұлтының проблемасы. Біз барлық ұлттарды құрметтейміз, қазақ елін, қазақтарды, қазақ тілін құрметтеуді де сұрауға біздің қақымыз бар» дейді жауапқа тартылған жолаушы.

Exit mobile version