Site icon KAZAKBOL

Украина Ұлыбританиядан қашық радиусқа бағытталған қанатты зымыран алды

Украина бірінші рет Батыс елдерінен 200 шақырымнан астам қашықтыққа бағытталған қанатты зымыран алды. Бұл жөнінде BBC хабарлады.

Ұлыбритания Киевке заманауи Storm Shadow қанатты зымыранын берді.

Украина осыған дейін тек 80 шақырымға дейін ұшатын зымырандарды алып келген.

Storm Shadow зымырандарының Ресей армиясына жойқын соққы беріп, Украинаға қарсы шабуылға шығуға мүмкіндігі зор. Мәскеу Украинаның мұндай зымырандарды алуын «қызыз сызықтан аттау» деп атады.

Storm Shadow зымырандары Францияның қатысуымен 1990 жылдардың соңында, 2000 жылдардың басында Ұлыбританияда жасалды. Бұл зымырандар 450 келі оқ-дәріні алып ұша алады. Бұл зымырандар Иракта «Ислам мемлекеті» террористік ұйымына қарсы жүргізілген операция кезінде қолданылған.

Источник

Exit mobile version