Бұл жөнінде Азаттық радиосының Брюссельдегі тілшісі Рикард Йозвяк хабарлады. Люксембург премьер-министрі Ксавье Беттель де мәлімдеді. Кейін Еуропалық кеңестің төрағасы Шарль Мишель растады.
Одаққа үміткер деген мәртебе елдің ұлттық заңнамаларын еуропалық талапқа сәйкестендіру дегенді білдіреді. Атап айтқанда, коррупцияға қарсы күресті күшейтіп, ауыл шаруашылығы саласын дамытуға назар аударуы қажет.
Алайда, үміткер мәртебесін алып, Еуропалық одаққа толыққанды мүше болу жолы үлкен. Мәселен, Түркия одаққа үміткер мәртебесін 1999 жылы, Солтүстік Македония 2005 жылы, Черногория 2010 жылы, Сербия 2012 жылы және Албания 2014 жылы алған. Соңғы рет одаққа Хорватия мүше болды. Бұл ел 2004 жылы үміткер мәртебесін алып, одаққа 2013 жылы кірген.
Еуро одақ Украинадан жеті басты реформа жасауды талап етеді. Атап айтқанда, Конституциялық сотқа реформа жүргізу, коррупцияға қарсы күресті күшейту, көлеңкелі ақшаны заңдастыруға қарсы күресті күшейту, олиграхтарға қарсы заңдар қабылдау, медиаға еркіндік беретін және аз ұлттардың құқығын қорғайтын заңдар қабылдауы қажет.
Егер бұл талаптар орындалмаса, Украина үміткер мәртебесінен айырылады.