Site icon KAZAKBOL

Украина орыс әскерлері атқан жауынгердің кім екенін анықтады

Украинаның Қауіпсіздік қызметі «Украинаға жеңіс!» деп айтқаннан кейін орыс әскерлері атып өлтірген жауынгердің кім екенін анықтағанын мәлімдеді.

Марқұм жауынгер Чернигов облысы 119 аймқтық қорғаныс бригадасының 163-батальонының мергені Александр Мациевский болған. Ол былтыр 30 желтоқсанда атылып, сүйегі Украинаға биыл ақпан айында қайтарылған.

12 наурызда Украина президенті Владимир Зеленский Мациевскийге Батыр атағын берді.

Тоғайда әскер киімімен тұрған адам «Украинаға даңқ!» деп айтқаннан кейін атылған жауынгердің видеосы 6 наурызда әлеуметтік желіде тараған. Украина бұл көріністі әскери қылмыс деп атап, оны халықаралық деңгейде тексеруге шақырған.

Ресей бұл видео бойынша пікір білдірмеді.

Источник

Exit mobile version