Site icon KAZAKBOL

Украинадағы жағдай Орталық Азия елдерінің ұлттық валютасына әсер етті

Қазақстанның Ұлттық банкі теңгенің бағамын ұстап тұру үшін 24 ақпанда 104 миллион доллар интервенция жасады.

Бұл күні ақша айырбастау орындарында доллардың бағамы 465,9 теңгеге дейін жетті. Таңертең бір доллар бағамы 437 теңге болып тұрған.

Ал Тәжікстанда рубль бағамы түсіп кетті. Өлкеде бірнеше банк 1000 рубль 128 сомонигесатылып жатқанын растады. Бұл 24 ақпандағы таңертеңгі көрсеткіштен 13 сомониге аз.

Бұл күні Қырғызстан банктерінде АҚШ долларының бағамы бірден өсіп, бір доллар 95сомға жетті. Ақша айырбастау орындарында кезек көбейіп, кейбір жерлерде АҚШ валютасы сатылмай қалды.

Қырғызстанның Ұлттық банкі елдегі доллар тапшылығын жою үшін 13 миллион 50 мың доллар интервенция жасаған.

Источник

Exit mobile version