Наурыз айында Одессадан Бухарестке кетуге мәжбүр болған өзбекстандық апалы-сіңлілі гуманитарлық дәліз бойынша отанына оралды.
Бұл жөнінде «Дунё» ақпарат агенттігі хабарлады.
30 жастағы Алина мен 28 жастағы Элвина Исмагилова 1 сәуірде Стамбұлдағы Өзбекстанның бас консулдығына хабарласып, Ташкентке оралуға көмектесуін сұраған.
Өзбек дипломаттарының көмегімен олар Стамбұлға жеткен. 5 сәуірде демеушілердің көмегімен Өзбекстанға оралған.
Өзбекстан СІМ мәліметінше, 28 ақпаннан 24 наурыз аралығында 27 рейспен 6030 азамат Украинадан еліне оралған.