Site icon KAZAKBOL

Владимир Норов Өзбекстанның сыртқы істер министрі міндетін атқарады

Владимир Норов Өзбекстанның сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары болып тағайындалды. Оған сонымен бірге министрдің міндетін атқару ісі жүктелді. Тиісті жарлыққа Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев қол қойды.

Норов 2006-2010 жылдары Өзбекстанның сыртқы істер министрі болған.

Апта басында Абдулазиз Камилов Өзбекстанның сыртқы істер министрі қызметінен босатылып, президентке қарасты Қауіпсіздік кеңес хатшысының сыртқы саясат және қауіпсіздік бойынша орынбасары қызметіне тағайындалған.

Камилов парламенттің 17 наурыздағы отырысында Ташкент Украинаның шығысындағы өздерін өздері жариялаған «Донецк пен Луганск халықтық республикалары» деп аталатын жікшіл топтарды мойындамайтынын, Украинаның тұтастығын қолдайтынын айтқан.

Осыдан кейін сыртқы істер министрінің баспасөз қызметі Абдулазиз Камиловтың денсаулығы нашарлап, он күн бойы ауруханада жатқанын хабарлады.

Ол бас дипломатиялық қызметте он жыл істеді.

Источник

Exit mobile version