Site icon KAZAKBOL

Владимир Путин: Қырғызстандағы Жерүй кеніне 600 млн доллар инвестиция салынады

Ресей президенті Владимир Путин бұл пікірін 17 наурызда Таластағы Жерүй алтын шығару комбинатының ашылуы сәтінде телекөпір арқылы айтты.

«Бұл жоба Ресейдің Қырғызстанға жасаған инвестициясының рекордтық көрсеткіші. Оның көлемі 600 миллион долларды құрайды. Талас облысындағы бұл тау-кен компаниясында ең жақсы техникалар және құрал-жабдықтар қолданылады. Экологиялық талаптар сақталынады. Мен қырғыз билігіне және жеке Садыр Жапаровқа оң инвестициялық климат құрып жатқанына ризашылық білдіремін. Жаңа компания қырғыз билігінің қолдауына ие болады деп сенемін. Бұл жоба қырғыз-орыс қатынасының белгісі болып, екі елдің достығын арттырады», — деді Путин.

Ресей президенті Жерүй кенінде 90 тонна алтын, 25 тонна күміс қоры бар екенін жеткізді.

Бұл шараға Владимир Путин телекөпір форматында онлайн қатысты.

Садыр Жапаров Жерүй кеніндегі алтын шығаратын комбинатты ашу үшін 17 наурызда Таласқа барған. Егер бұл кәсіпорын іске кіріссе, мемлекет бюджетіне жыл сайын 4 миллиард сом қаржы түсіп отырмақ. Мыңға жуық жұмыс орны құрылады.

Бұл кен орны 2015 жылы аукцион арқылы 100 миллион долларға сатылған. Оны «Орыс платинасы» компаниясына тиесілі «Восток геолдобыча» кәсіпорны алған. Бұл компанияға 2035 жылға дейін алтын қазу кенінде жұмыс істеуге құқық берілген.

Таластағы Жерүй алтын кені 1969 жылы ашылған. Көлемі бойынша Қырғызстанда Құмтөрден кейін екінші орында тұр.

centralasian.org

Exit mobile version