Site icon KAZAKBOL

Владимир Путин Қырғызстанға ресми сапармен барады

Ресей президенті Владимир Путин ресми сапармен Қырғызстанға барады. Бұл туралы 17 қыркүйекте Қырғызстанның сыртқы істер министрі Эрлан Абдылдаев хабарлады.

Оның айтуынша, Ресей басшысы Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбековтің шақыртуымен сапарлайды. Ресми сапар мерзімі нақтыланып жатыр. Оның қорытындысы бойынша онға жуық құжатқа қол қойылады.

Владимир Путин соңғы рет Қырғызстанға ресми сапармен 2017 жылы 28 қаңтарда барған.
centralasian.org

Exit mobile version