Site icon KAZAKBOL

Washington Post: Ресей 400-ден астам авиалайнерді қайтарудан бас тартты

Ресей компаниялары шетелден лизингке алынған 400-ден астам жолаушылар ұшағын қайтарудан бас тартты. Әуе кемесінің иелері оларды қайтарамыз деген үміттен де айырылған. Бұл жөнінде Washington Post басылымы жазды.

Басылым Ресейге соғысқа байланысты санкция салынғанға дейін лизингте болған 515 ұшақтың қазіргі дейін шамамен 80-і ғана қайтарылғанын атап өтеді. Басылым өкілінің айтуынша, ұшақ иелері Ресейда қалған лайнерлерін қайтара алмаймыз деген қорытындыға келген. Сақтандыру компанияларына 10 млрд долларға пара-пар арыздар легі түскен. Мәселе тек ұшақ қайтару ғана емес, ресейлік компанияларға жалға берілген авиақозғалтқыштар туралы да болып отыр.

Басылымның жазуынша, Шри-Ланкада ирландиялық AerCap лизинг компаниясының талабы бойынша тұтқындалған «Аэрофлот» ұшағы Мәскеудің билікке мұнай тасымалдауды тоқтату және дипломатиялық қарым-қатынасты үзу жайлы қоқан-лоқысынан кейін босатылған. Коломбо әуежайында бірнеше күн тұрған Airbus 330-300 ұшағы Мәскеуге ұшуға рұқсат алған. Қазір Қырғызстанға ұшып жатыр.

Ресейдің авиация саласына салынған санкцияға Еуропа, Солтүстік Америка және Азия елдері қосылған. Ресей компанияларына ұшақтарды лизингке беру немесе сату жайлы тыйымнан бөлек, санкция ұшақтарға техникалық қызмет көрсету, программамен қамтамасыз етуді де қарастырады.

Осыған дейін ресейлік тасымалдаушылар пайдаланатын 980 ұшақтың 777-і лизингке алынғаны, 515-і яғни, жартысынан астамы шетелдік компаниялардан жалға алынғаны хабарланған.

Источник

Exit mobile version