Site icon KAZAKBOL

Әйелдермен жыныстық қатынасқа барған транссексуал ерлер колониясына ауысып кетті

Фото: facebook.com

Британиядағы әйелдер түрмесінің бірінде ешкім күтпеген жағдай орын алды деп хабарлайды mk.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Түрмеге тоғытылған 23 жастағы транссексуал қасындағы камераластарымен жыныстық қатынасқа барған. Осыдан соң, оны ерлер камерасына ауыстырып жіберді.

Жынысын ауыстырған Пэрис Грин ауыр кісі өлімі үшін айыпталып, әйелдер түрмесіне қамалған болатын. Оның транссексуал екенін ескерген сот оны Эдинбургтегі әйелдер колониясына жіберді.

Алайда, кіл әйелдердің арасына түскен Пэрис өзінің алғашында еркек болғанын еске алып, камераластарымен жиі жыныстық қатынасқа түскен.

«Әйелдер жыныстық қатынасқа түскісі келетін. Ал оларды қанағаттандыра алатын тек Пэрис қана еді», — деп хабарлайды дереккөздердің бірі.

Exit mobile version