Site icon KAZAKBOL

Әйелін бояусыз көрген ер адам дереу ажырасуға арыз жазды

Фото: sn.kz

Біріккен Араб Әмірлігінің тұрғыны үйленгелі бері әйелін алғаш рет бояусыз көріп, шошып қалғанын айтып отыр. Ол дереу ажырасуға арыз жазды дейді Metro басылымына сілтеме жасап Skifnews.kz порталы.

Газет тілшілерінің хабарлауынша, ерлі-зайыптылар Шарджа қаласындағы жағажайлардың бірінде демалысын өткізген. Әйелі шомылу үшін бетіндегі бояуын жуып тастаған сәтте ері оның түрінің өзгеріп кеткенін байқаған.

Шошынған күйеуін сабырға шақырудың орнына 24 жастағы әйел бұған дейін бетіне пластикалық операция жасатқанын, жасанды кірпік жабыстырып, түрлі-түсті линза тағатынын да айтқан.

30 жастағы ер азамат көп ойланбастан ажырасуға арыз берген. Ол заңгерлерге өзінің алданып қалғанын айтыпты.

Айта кетейік, араб елдерінде мұндай жайттар жиі орын алып отырады. Мәселен, 2014 жылы WhatsApp-мессенджері арқылы жазған хабарламасына жауап бермеген әйелін саудиялық жігіт талақ айтып қуып шыққан болатын.

 

Exit mobile version