Site icon KAZAKBOL

​Йемендегі аш балалардың ұсқыны жұртты шошытты (фото)

Аш балалар. Фото: theguardian.com

Йемен ауруханаларында жүздеген бала өмір үшін күресіп жатыр. Бірнеше айға созылған азаматтық соғыс соңы аштыққа ұласқан. Қазір Йемендегі 28 миллион адамға тамаққа жарымай отыр деп хабарлайды reactor.inform.kz.

Аштықтан зардап шегіп отырғандардың көбі — балалар. 370 000 бала ішер асқа жарымай отыр. Бұл балалардың иммундық жүйесін әлсіретіп, түрлі ауруларға шалдықтыруда. Йемен ауруханаларына аштықтан зардап шегіп түсетін балалар саны сәуірде 10-20 болса, қазір айына 120 бала түседі.

Елде азық-түліктің жетіспеуі ұзақ уақыттан бері созылып келе жатқан мәселе. Бірақ соңғы айларды тіпті күрделене түскен. Теңіз жолының жабылуы себебінен азық-түлік жеткізу шектелген.

Аш балалар. Фото: theguardian.com

Сарапшылар елде аштықтың белең алуын қаржылық жағдайдың жақсартып, жедел көмек көрсету арқылы ғана тоқтатуға болады дейді.

Exit mobile version