Site icon KAZAKBOL

Қырғыз журналисі Ұланбек Егізбаевтың өлімін тергеу мерзімі бір айға созылды

Улан Эгизбаев.

Азаттык радиосының журналисі Ұланбек Егізбаевтың қайғылы өлімін тергеу мерзімі бір айға созылды. Тергеу сот-медициналық сараптама қорытындысын әлі алмаған. Бұл тураы ІІМ тергеушісі Суйунбек Мұнайтбасов хабарлады.

Оның айтуынша, Қылмыстық-процессуалды кодекс бойынша, қылмыстық іс қозғау туралы шешім кісі өлімінен кейін үш немесе 10 күннен соң қабылдануы тиіс.

«Осы уақыт аралығында шешім қабылданбаса, прокурор рұқсатымен тергеу бір айға созылады. Сараптама қорытындысы әлі түскен жоқ», — деді Мұнайтбасов.

Тергеушінің айтуынша, куәгерлерден Егізбаев өлімі туралы куәлік түспеген, сол себепті қылмыстық іс қозғалмаған. Бірақ журналист демалған пансионат қауіпсіздік шараларын қолданбағаны айтылды.

Азаттык радиосының журналисі Ұланбек Егізбаев 22 шілдеде қаза тапты. Ол туған жері Кочкореде жерленді.

centralasian.org

Exit mobile version