Site icon KAZAKBOL

Қырғызстан мен Өзбекстан премьерлері шағын топпен кездесті

Қырғызстан премьер-министрі Мұхаммедкалый Абылгазиев Ош қаласында шекаралас облыстар басшылары кеңесінің екінші отырысы аясында Өзбекстан үкімет басшысы Абдулла Ариповпен кездесті.

Бұл туралы Қырғызстан үкіметінің аппараты хабарлады.

Ресми мәлімет бойынша, кездесу барысында тараптар шекарадағы әріптестікті дамыту мүмкіндіктерін талқылаған.

Бұған дейін Өзбекстан СІМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, екі ел делегациясы шекара мәселелерін талқылайды. «18 желтоқсанда Ош қаласында Өзбекстан шекаралас облыстары Кеңесінің басшылары мен Қырғызстан үкіметі шекаралас облыстарындағы уәкілетті өкілдерінің екінші отырысы өтеді», — делінген министрлік хабарламасында.

Бұл кеңес Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияевтің 2017 жылы қыркүйекте Қырғызстанға мемлекеттік сапары барысында қабылданған келісім негізінде құрылған.

Кеңестің алғашқы отырысы Ферғана облысында биыл 29-30 наурызда өтті.

centralasian.org

Exit mobile version