Site icon KAZAKBOL

Қырғызстанда АҚШ елшілігіне мәлімет берген ІІМ офицерлері сотталды

Қырғызстан ішкі істер министрлігі (ІІМ) АҚШ елшілігіне мәліметтер берген бұрынғы және қәзіргі қызметкерлердің сотталғаны жөніндегі ақпаратты растады.

ІІМ баспасөз хатшысы Бақыт Сеитов жауапқа тартылғандар кезінде ІІМ-де жұмыс істеген дейді. «Ия, оның біреуі кезінде бізде [ІІМ], сосын америкалық елшілікке жұмысқа тұрған секілді. Оның ІІМ-де таныстары қалған. Солардан ақпарат алып отырған. Мен мұны өз көзіммен көргем», — деп атап өтті Сеитов.

Жоғарғы сот іс Бірінші май аудандық сотында өткенін, бірақ сот шешімі мемлекеттік құпия ретінде жарияланбайтынын хабарлады. АҚШ елшілігі болса, бұл мәліметке түсініктеме бермеді.

«Дело №» газетінің 19 қыркүйектегі санында «Қырғызстанның ІІМ офицерлері АҚШ елшілігі үшін тыңшылықпен айналысқан» деген мақала жарық көрген. Онда қазір АҚШ елшілігінде күзетте жұмыс істейтін ІІМ бұрынғы қызметкерлері Самат Шерипбеков пен Кумарбек Чалданбаев және ІІМ-нің қәзіргі офицерлері Мирлан Тойчиев пен Эмилбек Карачев «шетелдік ұйымға ақпарат жинап отырған» деп айыпталғаны жазылған.

centralasian.org

Exit mobile version