Site icon KAZAKBOL

Қырғызстанда «Қауіпсіз қала» жобасын Ресейдің «Вега» компаниясы жүзеге асырады

Қырғыздың «Қауіпсіз қала» жобасын Ресейдің «Вега» концерні жүзеге асырады. 12 қарашада Ақпараттық технология және байланыс мемлекеттік комитетінің төрағасы Бакыт Шаршембиев пен компания бас директорының орынбасары Сергей Калмыков келісім-шартқа отырды.

4 қыркүйекте Бішкекте «Қауіпсіз қала» жобасына қатысты аукцион қайтадан өткізілді. Оған үш компания қатысты. «Вега» компаниясы жеңімпаз деп танылды, бірақ аукционқа қатысқан «БИС» компаниясы шағым түсірген. Фирма өкілдерінің мәлімдеуінше, «Вега» концернінің соңғы үш жылда жол ережесін бұзуға видеотіркеу жүргізу тәжірибесі болмаған.

4 қазанда арыздар жөніндегі комиссия «Вега» концернінің «Қауіпсіз қала» секілді жобаларды жүзеге асырғанын растайтын құжаттары жоқтығын растаған. Соған байланысты бұл комиссия тендер комиссиясының шешімі заңсыз деп тапқан.

Бірақ Ақпараттық технология және байланыс мемлекеттік комитеті сотқа арызданып, жеңіп шықты. Осылайша сот тендер комиссиясының шешімін заңды деп тапты.

Тендер жеңімпазы Қырғызстанның ірі жолдарында 110 бейнебақылау кешенін орналастырады.

centralasian.org

Exit mobile version