Site icon KAZAKBOL

Қырғызстанда Баткен облысы прокурорын өлтірген

Қырғызстанда Баткен облысының прокуроры Анарбай Мамажақыповты өлтіріп кеткен.

Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі жетекшісі Бакыт Сейітовтің айтуынша, прокурор қарашаның 18-іне қараған түні кісі қолынан мерт болған. Оның денесі қаланың шет жағынан табылған.

Құқық органдары прокурордың қазасына байланысты қылмыстық іс қозғаған.

Қырғызстандық кей басылымдар қылмысқа күдіктінің ұсталғаны туралы хабарлады.

«Прокурор қаза болатын күні күдіктіні онымен бірге көргендерін бірнеше куәгер айтқан. Прокурорды басынан доғал затпен ұрып өлтірген. Ұсталған кезде күдікті масаң болған. Қазір ол жауап беріп жатыр», — деп жазды Ішкі істер министрлігіне сілтеме жасаған Karktus.Media сайты.

Қазір белгілісі 17 қарашада «Лексус LX470» маркалы жеңіл көлікте қан іздері табылған. Осыдан кейін барып, іздестіру жүргізілген. Нәтижесінде қаланың шетінен прокурордың денесі табылған.

centralasian.org

Exit mobile version