Site icon KAZAKBOL

Қырғызстанда бірінші рет ит ұрлаған адам сотталды

Сот ит ұрлаған айыпталушыны үш жылға шартты түрде жаза кесіп, 35 мың сом көлемінде (500 доллар шамасында) айыппұл салған. Бұл жөнінде иттің қожайыны Гуля Алмамбетова хабарлады.

«Бұл – үлгі боларлықтай жағдай. Мен соттың әділеттілігіне таң қалдым», — дейді Алмамбетова.

Ол сотталушы Қылмыстық кодекстің ұрлау бабы бойынша айыпты деп танылды дейді. Сот үкімі күшіне енгеннен күннен бастап, сотталушы Бішкектен тыс аймаққа шыға алмайды.

Осыған дейін итті ұрлап, өлтіру ісі Қырғызстан сотында бірінші рет қаралып жатқаны айтылған. Алмамбетова бұл істі соңына дейін алып шығуға бел буғам дейді.

Курцхаар тұқымды Спайсик атты ит биыл жазда, Бішкекте жоғалып кеткен. Кейін видеобақылау камерасы арқылы иттің ұрланғаны белгілі болған. Сот барысында айыпталушы «итті қожайынына қайтарып берем» деп алдым деген. Ол итті ауылына алып кетіп, шынжырға байлап ұстаған. Бірнеше күн өткен соң, ит өліп қалған.

centralasian.org

Exit mobile version