Site icon KAZAKBOL

Қырғызстанда дәрігерлер жүкті әйелдің жатырын алып тастаған

ЖЫЛАП ТҰРҒАН ӘЙЕЛ. КӨРНЕКІ ФОТО: WOMANCOSMO.RU

Қырғызстанның денсаулық сақтау министрі Талантбек Батыралиев перзентханадағы нәресте өлімі мен 26 жастағы ананың жатырдан айырылу жағдайын бақылауға алды.

Министр сол күні жұмыс істеген дәрігерлердің қызметін тексеретін болды деп хабарлайды Орталық Азияның жаңалықтар қызметі.

«Жәбірленушілерге менің телефон нөмірімді беріңіздер. Мен оларды қабылдаймын. Дәрігерлер бұл істі жылы жауып тастамай тұрғанда, шара қолдану қажет. Мен жауап беруге дайынмын», — деді министр.

26 жастағы ананың күйеуі дәрігерлерді нәресте өліміне ғана емес, ана жатырын алып тастағаны үшін де айыптап отыр. Бұл жайында ана операциядан кейін ғана білген.

Өзінің есімі аталмағанын қалаған Бішкек тұрғынының хабарлауынша, дәрігерлер оған жанжал шығармау үшін 100 мың сом берген.

Nur.kz

Exit mobile version