Site icon KAZAKBOL

Қырғызстанда Грузиядан қымбат көліктерді заңсыз жеткізген топ ұсталды

Қырғызстанның бас прокуратурасы Грузиядан қымбат көліктерді контрабандалық жолмен жеткізген топты әшкерелеген.

Мекеменің ақпаратына қарағанда, көліктер шекарадан кеден салығынсыз өткізілген. Бұдан бөлек ұсталған күдікті топ Ресейден ұрланған көліктерді ВИН-кодын өзгерту арқылы елге сатуға әкеліп отырған.

Күдіктінің бірі 28 қарашада Армениядан Қырғызстанға экстрадицияланған.

Қырғыз үкіметі былтыр шілде айында көліктерге баж төлемдері мен салықтарды 2014 жылдағы деңгейге дейін төмендеткен. Содан бері көп имппортталатын бағыт Грузия болып қалып отыр.

centralasian.org

Exit mobile version