Site icon KAZAKBOL

Қырғызстанда судьяларды мүлкін жасырғаны үшін жазалайды

Қырғызстанның Бас прокуратурасы бірыңғай салық декларациясында мүлкін толық көрсетпеген бірқатар судьяларды жауапқа тартуды көздеп отыр.

Құзырлы орган таратқан ақпаратқа қарағанда, салық қызметіндегі материалдарды қарау кезінде судьялар мүліктерін жасырғаны анықталған.

Бас прокуратура бұл мәліметтерді Судьялар кеңесіндегі тәртіп комиссиясына берген. Комиссия судьяларды жауапқа тарту мәселесін шешеді. Бұған қоса комиссия қызметін аяқтаған судьяларды әкімшілік жауапқа тарту мәселесін де қарастырады.

Бұған дейін Қырғызстан билігі коррупциямен күресте шенеуніктердің декларациясы мұқият тексерілу керек деп жариялап, оған азаматтық секторды көмектесуге шақырған.

centralasian.org

Exit mobile version